Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қойдың қиымен шомылдырған». Министрлік Желідегі баланың суретіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

05.08.2021

1196 0

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы «емдеу» үшін жануарлар қиын қолданған «емшінің» әрекеттеріне шағымданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те жарияланған сурет сипаттамасында «Әйел баланы қойдың қиымен шомылдырған» деп жазылған. Автордың айтуынша, бұл әдісті желіде 180 мың оқырманы бар әйел қолданған.

Сондай-ақ, жазба авторы емшілер әлеуметтік желілердегі парақшасында балаларды көкжөтелден көгершіннің жылы қанымен емдеуді ұсынады деп шағымданды.

Балалар құқығын қорғау комитеті ІІМ-ге суретке байланысты тексеріс жүргізу үшін жүгінгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, емшілердің әдісі балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

«Өкінішке қарай, ата-ананың сенгіштігі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасау ата-ананың міндеті. Ата-ана (заңды өкілдер) өз баласының өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша жауапты  болатынын білуі тиіс.

Сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін», – деді комитет өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: