2025 жылдың 21–24 тамызы аралығында еліміздің кинотеатрларындағы кассалық көрсеткіштер жаңарды. Freedom Ticketon ұсынған мәліметке сәйкес, аптаның үздік ондығына енген фильмдер ішінде отандық туынды көш бастап тұр, – деп хабарлайды kursiv.media.
- «Қолыңнан келсе алып қаш» – аптаның абсолютті көшбасшысы. Бірінші аптаның өзінде 432 302 325 теңге жинап, кассалық рекорд орнатты. Бұл комедия жанры көрермен жүрегінен орын тапқанын дәлелдеді.
- «Жаман жігіттер» (4-апта) – 38 172 251 теңге жинап, екінші орынды иеленді. Голливудтық мультфильм бірнеше апта қатарынан сұранысқа ие.
- F1 (9-апта) – 30 038 840 теңге. Спорт тақырыбындағы фильм әлі де қызығушылық тудыруда.
- «Диспетчер» – алғашқы аптасында 28 891 525 теңгемен төртінші орынға көтерілді.
- «Орудия» (3-апта) – 27 472 640 теңге.
- «Никто 2» (2-апта) – 19 860 594 теңге. Бұл фильм де көрермендерден жақсы бағасын алуда.
- «Адам: Нартәуекел» – тағы бір отандық туынды. Алғашқы аптасының өзінде 18 441 436 теңге жинаған.
- «Байдың баласы» (6-апта) – 15 411 500 теңге. Халық арасында қызығушылық әлі де бар.
- «Фантастическая четверка: первые шаги» (5-апта) – тізімді аяқтаған фильм.
Бұл аптада қазақстандық фильмдердің табысы шетелдік туындылардан әлдеқайда жоғары болғаны байқалады. Әсіресе, «Қолыңнан келсе алып қаш» пен «Адам: Нартәуекел» фильмдерінің табысты бастауы отандық киноөндіріс үшін үлкен жетістік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!