Қазақстанда қоқыс шығару тарифі әр үш жыл сайын көтерілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экология министрлігінің мәліметінше, елімізде қалдықтарды қайта өңдеу саласы әлі де тиімсіз. Себебі қазіргі тарифтер шығынды толық жаппайды. Ал көптеген кәсіпорындар үшін қоқысты өңдегеннен гөрі айыппұл төлеу арзанырақ болып отыр.
Әрі қалдықтардың нақты көлемі мен түрлері туралы деректердің тапшылығы да бұл салаға инвестиция тарту мәселесін қиындатып тұр.
Сондықтан тариф бағасын көтеруден басқа, утильалым есебінен полигон салу, бизнеске салықтық жеңілдіктер мен субсидия беру ұсынылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
