Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қорғаныс министрлігі төрт елден әскер келе жатқанын мәлімдеді

19.09.2024

427 0

Фото: Ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі Қазақстанға Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскері келе жатқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 26 қыркүйек пен 7 қазан күндері аралығында Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

“Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметкерлердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады”, – делінген ресми хабарламада. 

Осыған байланысты министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдерін әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: