Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Қорқор дайындадым, сосын барда жұмыс істедім»: Әбдіжаппар Әлқожа

26.07.2023

784 0

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнерге келмес бұрын қандай қызметпен айналысқанын еске алды. «Жақсы адамдарым» бағдарламасында өнер иесі жұмысты даяшы болудан бастағанын және әншілікке қалай келгенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Аш қалғанда бәрін істейсің ғой. Мені асабалық бақты. Роза әпкем қолдау білдіреді. Алғаш оқуға түскенде, үйінде бір ай тұрдым. Үйде жездем бар, жігіт болғаннан кейін ыңғайсызданасың ғой. Сосын «Әпке, мен жігіттермен бірге тұра берейін. Бәрі жақсы» деп қоямын. Думан ықшамауданында сегіз бала болып тұрдық. Сабаққа үлгере алмай, қаражат болмаған сәтте даяшы болып бастадым. Бірақ үш-төрт күн істеп, оған шыдай алмадым. Орысшам нашар болды. Оның үстіне намысқой едім. Біреулер ауыр сөйлесе, көтере алмайтын секілдімін. Қорқордың енді шыққан кезі еді. Қарасам, ұйғыр бала дайындап жатыр екен. Соны үйреніп алдым. Қорқор дайындадым, сосын барда жұмыс істедім. Сәл бұзықтығым бар еді, күзетшімен төбелесіп қалып, жұмыстан шығарып жіберді», – деп еске алды Әбдіжаппар Әлқожа. Сонымен қатар әнші автобуста кондуктор болғанын да атап өтті. «Сөйтіп, автобуста кондуктор болдым. Таңғы 5-те басталатын жұмыс мені қинап жіберді. Бір апта істеп, шығып кеттім. Сосын мейрамханаларда ән айттым. Сөзге жылдам болғаннан кейін асабалықпен айланыстым. Алғашқы тойдың өзінде адамдар нөмірімді алып қалды. Асабалықтан тапқан ақшаны әнге салдым. Соның арқасында әншілікке келдім», – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: