Бейсенбі, 12 ақпан, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Қос азаматтықты болдырмау туралы талап нақты сөз тіркесімен жазылды

12.02.2026

58 0

Фото: Абай облысы ПД

Қазақстанның жаңа Конституция жобасында азаматтық мәселесіне қатысты талаптар күшейтілді. Енді «басқа елдің азаматтығы танылмайды» деген бұлыңғыр ұғымның орнына, «тыйым салынады» деген қатаң норма келеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қолданыстағы Конституцияның 10-бабында «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» деп көрсетілген. Жаңа Конституция жобасында бұл мәселенің нүктесі қойылып, «жол берілмейді» деген үзілді-кесілді талап енгізілді.

– Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады, – Конституцияның жаңа жобасы, 13-бап.

Сонымен қатар қолданыстағы Конституцияда құқықбұзушылықтың құқықтық салдары жазылмаған. Ал жаңа Конституция жобасында өзге елдің төлқұжатын алу – ҚР азаматтығын тоқтатуға тікелей негіз екендігін жазады.

Айта кетейік, жаңа жобаның мәтінінде лингвистикалық сапаға мән берілген. Қолданыстағы Конституцияның 10-бабындағы орыс тілінен тікелей аударма «болып табылады» деген шұбалаңқы тіркес жаңа нұсқада алынып тасталып, ой жинақы әрі таза қазақ тілінде жеткізілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: