Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қош бол, Аристон немесе Қызылордаға ыстық су келеді

11.06.2024

820 0

Сурет:egemen.kz

Қызылордалықтар жақында үйдегі су ысытқыш құралдармен қоштасады. Өңірдегі көпқабатты үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуде алғашқы жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды.

-Бұл жұмыс екі кезеңнен тұрады.Жалпы қаралған 24 млрд теңгенің 11 млрд теңгесі облысқа берілді. Ол ақшаға 187 көпқабатты үйді орталықтандырылған ыстық суға қосамыз. Ал екінші кезеңде 237 көпқабатты үй тұрғындары ыстық суға қол жеткізеді, – деді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналлдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин.
Республикадағы жалғыз ыстықсусыз облыс деген аттан арылтатын бастама нәтижесінде көпқабатты үйлер бірнеше мәселеден құтылатынын және тиімділігін көретінін айтқан қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай жоғарғы қабатқа қысым да жақсы болатынын жеткізді.
-Біріншіден, мекеме өжіредегі суды тазартады. Өжіреге қысым көтеретін насостар орнатады. Қазір су ысытатын құрылғылар арқылы электр энергиясын шамадан тыс төлеп отыр. Ал бұл бастама бойынша халық ыстық суды қазіргіге қарағанда 4-5 есеге арзан пайдаланады. Электр энергиясына артық жүктеме де болмайды. Ең маңыздысы, тұрғындар пәтеріне жұмыс кезінде қызметкерлер кіруіне рұқсат беруі керек, – дейді Ғалымжан Еркебай.
Мамандардың айтуынша, ыстық судың 1 текше метр көлемінің құны 172 теңге болады деп күтілуде.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: