Қостанай облысында 16 жастағы қыз өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылының 16 жастағы тұрғыны Дария Тайронина өлі табылғаны туралы ақпаратты «Дос» іздеу-құтқару отряды жариялады. Бұл іске қатысты мән-жай әзірге белгісіз.
Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір бідірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта қажет тергеу шаралары жүріп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!