Дүйсенбі, 06 қазан, 16:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

ҚР Еңбек министрлігі еңбек кітапшасына қатысты маңызды ескерту жасады

06.10.2025

136 0

Фото: Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 6 қазанда азаматтарға еңбек кітапшасының маңызы туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Жеңіс Рүстемовтың айтуынша, еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметін растайтын негізгі құжаттардың бірі.

Онда қызметкердің еңбек жолы хронологиялық ретпен көрсетіледі, соның ішінде:

  • жұмысқа қабылдану,
  • басқа жұмысқа ауысу,
  • еңбек шартының тоқтатылуы туралы деректер жазылады.

«Сондықтан еңбек өтілі бар және белгілі бір салада немесе мамандық бойынша тәжірибесі бар тұлғалар үшін еңбек кітапшасы жұмысқа орналасу кезінде еңбек қызметін растайтын негізгі құжат болып табылады», – деді Жеңіс Рүстемов.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде де еңбек кітапшасы арқылы расталады. Егер еңбек кітапшасы болмаса немесе онда тиісті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі басқа құжаттармен немесе сот шешімімен анықталады.

«2020 жылғы 4 мамырда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс берушілер қызметкермен еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті», – деп еске салды комитеттің бас сарапшысы.

Осылайша, 2020 жылдан бастап қызметкердің еңбек қызметін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі деректермен де растауға болады.

Бұған дейін Еңбек министрлігі үш ай бойы жұмыс істемеген және зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтарды есепке алу туралы хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: