Сейсенбі, 02 желтоқсан, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

ҚТЖ компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төлейтін болды

02.12.2025

29 0

Фото: - архив

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілері бойынша жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеп-тексеруді жүргізуге Қазақстан ұлттық экспедиторлар және Қырғыз Республикасы экспедиторлар қауымдастықтарының, сондай-ақ бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардың өтініштері негіз болды.

Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу кезінде аффилиирленген компаниялар – «KTZ Express» АҚ және «Кедентранссервис» АҚ-қа артықшылықтар бергені анықталды. Бұл өз кезегінде жекеменшік экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергілер келтірген.

Аталған әрекеттер «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдаланушылық ретінде сараланды.

2025 жылғы 22 тамызында Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік бюджет кірісіне 1,42 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінгі таңда Акционерлік қоғам айыппұлды толық көлемде төледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: