Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

ҚТЖ наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар шығарады

13.03.2026

39 0

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Наурыз мейрамы күндері Қазақстанда қосымша электр пойыздары іске қосылып, кейбір пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
• 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
• 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
• 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
• 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.

Сонымен қатар, 20, 22 және 24 наурыз күндері «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

«Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Жолаушылар билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» компаниясының кассаларынан комиссиясыз сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Осыған орай мереке күндері қосымша 35 мың орын ашылады.

Айта кетейік, биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты 24 және 25 наурыз демалыс күні болып белгіленді. Осылайша, қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: