Сейсенбі, 16 желтоқсан, 20:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Құдыққа кеткен ер адам үйінен 30 км жерден табылды

16.12.2025

39 0

Фото: Видео скрині

Бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда таңертең БҚО ТЖД-ның 112 пультіне полициядан Жаңақала ауданында 1971 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 желтоқсанда мал суару үшін елді мекеннен шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан құдыққа қарай шығып, оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған.

Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды.

Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Сонымен қатар әуеден барлау жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жедел түрде жұмылдырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: