Атырау облысындағы Құлсары қаласын су басып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазіргі уақытта тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жүріп жатыр.
4 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Жылыой ауданында қауіпті аймақтардан 200 тұрғын эвакуацияланған.
Соңғы ақпараттарға сәйкес, «Доссор-Құлсары», «Атырау – Құлсары» тас жолын су алып кетті.
Арнайы 14 эвакуациялық пункт белгіленді. 20 мектепте сабақ онлайн форматқа ауыстырылған. Одан бөлек, бүгіннен бастап «Құлсары-Атырау» бағытында тегін жолаушылар тасымалы пойызы жолға шықты. Төтенше жағдайға байланысты бұл мақсатқа 5 вагон бөлінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!