Жексенбі, 24 қараша, 20:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Құқықбұзушылық бейнебақылаумен анықталады

29.11.2022

760 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қалада бір апта ішінде бейнекамера көмегімен 700-ден құқықбұзушылық дерегі тіркелген.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, бір апта көлемінде 102 нөміріне 900 хабарлама келген. Ал оның 737-сі  Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы анықталған.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен жол жүру қағидаларын бұзған – 24 адам, 591-бабының 1-бөлігімен көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – 63 жүргізушіге, 596-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзуы –18 жүргізуші, 597-бабының 1-бөлігімен көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуы – 20, 600-бабының 1-бөлігімен жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамауы бойынша – 57 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Мамандар бейнебақылау арқылы құқықбұзушылықты анықтаудың жеңілдегенін айтады. Сондай-ақ, жүргізушілерде барынша тәртіп бұзбауға тырысады. Дегенмен, сәттілікке сеніп өрескел құқық бұзатындар да кездесетіні жасырын емес. Мәселен, Жедел басқару орталығының мамандары бейнекамера арқылы  жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні  жедел анықтаған. Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, қарсы бетке шыққан көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырып, оны сотқа жолдаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: