Сәрсенбі, 11 ақпан, 23:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түнгі рейдтер жалғасуда

11.02.2026

53 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында түнгі рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Аралау барысында саябақтар, компьютерлік клубтар, ойын-сауық, қоғамдық тамақтану нысандары мен көпшілік жиналатын орындар қамтылды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне алкогольдік өнімдерді сатудың заңдылықтары, тұрғындарға санитарлық тазалықты сақтау мәселесі және кәмелетке толмағандарға арналған шектеулер кеңінен түсіндірілуде.

Айта кету керек, аталған рейдке қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов, прокуратураның, қалалық полиция басқармасының, білім бөлімінің қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен белсенді ата-аналар жұмылдырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: