Дүйсенбі, 25 қараша, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Құқықтық кеңес берілді

03.01.2022

352 0

Қызылорда қаласындағы «Ten kogam» әлеуметтік орталығының қызметін пайдаланушыларға заңнама талаптары түсіндіріліп, тиісті сала мамандары жеке қабылдау өткізді.

Кездесуге келген қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Жазира Садақбекова және «Ten kogam» орталығының заңгері Бақытжан Шайхназаров тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қоғамдық көлік мәселесін көтерген қала тұрғындары «Саяхат», «Титов» мөлтек аудандары мен Жаппасбай батыр көшесіне бірі қоғамдық көлік мүлдем қатынамайтынын айтса, енді бірі уақытылы бармайтынын, ол аумақтарға аз бөлінгенін жеткізді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл аумақтарға қоғамдық көлік аса қажет.

Бұл сауалға қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов жауап берді.

Оның айтуынша қаладағы жеке қоғамдық көліктерге келесі жылдан бастап субсидия бөлінген. Бұрын жеке қоғамдық көліктер мемлекеттен субсидия алмаған. Соның салдарынан олар қалада жүріп-тұру уақытын өздері шешіп, жол ақысын да жеке кәсіпкерлер белгілейтін. Аталған мәселе шешімін тапса жеке көліктер талапқа бағынып, шет аумақтарға уақытылы қатынауға септігі тиеді.

«Қоғамдық көліктер бойынша барлығы 26 бағыт әлеуметтік маңызы бар деп танылды. Осы орайда келесі жылға жеке тасмалдаушыларға 396 млн теңге субсидия бөлінді», – дейді Бауыржан Оспанов.

Қалада баспанаға зәру тұрғындар саны әлі де азаймай тұр. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар үшін бұл басты мәселеге айналған. 2006 жылдан бері баспана кезегіне тұрған олар әлі күнге кезектің жылжымай тұрғанын айтып шағымданды. Осы және өзге де бірнеше мәселемен келген тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған тиісті сала басшылары мүмкіндігінше, заңға сәйкес жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: