Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құранды жатқа айтқан студент көлік ұтып алды

26.09.2024

313 0

Студент Құранның арқасында көлік ұтып алды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданының тумасы Әбілхайыр Жұбан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысында ХІІІ республикалық байқауының жеңімпазы атанды.  

Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің 2 курс  студенті Әбілхайыр Жұбан Құран Кәрімнің 600 парағын жатқа айтады. Қасиетті кітапты 15 жасынан бастап жаттаған.

«9 жасымнан намазға жығыламын. 9 сыныптан бастап құран жаттауды қолға алдым. Әкем Ералы Қамзағалиев 25 жылдан бері Индер ауданында бас имам қызметін атқарады. Дін жолына келуіме себепкер – осы әкем. Өзімнің де қызығушылығым артып, әрі қарай зерттей бастадым. Кентау қаласындағы діни медресені аяқтадым, кейін Нұр-Мүбәрак университетіне оқуға түстім. Дәстүрге айналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысында осымен 4-ші рет бағымды сынап көрдім. Алғаш рет жеңіске жеттім», – дейді Әбілхайыр Жұбан.

Әбілхайыр Жұбанды марапаттау сәті. Фото: Әбілхайыр Жұбанның жеке мұрағатынан Павлодар қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырған байқауға қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқауына әр облыстан іріктеу кезеңдерінен өтіп, жеңімпаз атанған 80 үміткер қатысты. Сайыс 3 күнге созылған. Атыраулық студент құранның 30 парасын толық жатқа оқу номинациясы бойынша үздік атанып, ұймдастырушылар жеңімпазға Haval – 2024 көлігін мінгізді.

«Осы жарысқа арнайы үлкен дайындықпен бардым. Ойламаған жерден бас жүлде бұйырғанына қуаныштымын. Сыйлықты мені тәрбиелеген әкеме табыстадым. Осыған дейін медреседе оқып жүріп Умраға жолдама жеңіп алған едім. Оны әкем мен анама сыйладым», – дейді жеңімпаз.

Әбілхайыр Жұбан қараша айында Кувейтте өтетін құранды жатқа айтудан Қазақстанның намысын қорғайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: