Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында жиын өтті.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы өкілдігі, Облыстық полиция департаменті, ҚР ДСМ СЭБК Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі және Облыстық дін істері басқармасының мамандары қатысты.
Басқосуда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы «QURBAN2025» онлайн платформасының жұмысымен таныстырып, облыс бойынша құрбан шалу рәсімі тек белгіленген қасапханаларда ғана жүзеге асырылатынын баяндады.
Жиын барысында Құрбан айт кезінде етті жинау, сақтау және тарату жұмыстарында санитарлық талаптардың сақталуы маңызды екені айтылды. Құрбандық етінің сапасын сақтау, оны дұрыс өңдеу және тарату кезінде тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!