Автокөлік иелері мен жүргізушілер!
Облысымыздың аумағы бойынша өтетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры бойымен салынған қызметтік жолдар пайдалануға қауіпті екендігін ескерулеріңізді сұраймыз.
Аталған жолдарқызметтік мақсатта салынған және газ құбырындаапат, ақау немесе шұғыл жағдай туындаған кезде газ құбырының арнайы апаттық-диспетчерлік бригадалары тез, әрі еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.
Бұл жолдар сипаттамасы бойынша IV санатқа жатады, яғни жалпы қолданысқа арналмаған. Оған қоса жол бойымен үлкен қысымдағы магистралды газ құбыры өтетіндіктен адам өміріне аса қауіпті аумақ.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!