Сенбі, 01 қараша, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Құрылыс барысы бақылауда

01.11.2025

62 0

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жауапты сала басшылары жаңадан салынып жатқан нысандар құрылысымен танысу үшін Бейбарыс сұлтан көшесіндегі «Көрме орталығы» және «Достық үйі» ғимараттарына барды.

Құрылыс барысы бақылауда


«Көрме орталығының» құрылысы мамыр айында басталды. Ғимаратта көрме, конференция залдары, әкімшілік кабинеттер, санитарлық-тұрмыстық, техникалық бөлмелер бар. Көпфункционалды нысанда көрме, жәрмеңке, концерт өткізіледі, яғни бұл – әртүрлі ауқымдағы және форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған экспозициялық кеңістік. Кең, ашық кеңістік түрінде жобаланған, жинақталып-бөлшектелетін көрме құрылымдарын орнату және жиі ауыстыру мүмкіндігі ескерілген. Бір мезетте 215 адамды қабылдай алады.

Құрылыс барысы бақылауда


«Достық үйі» желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Ғимарат күн сәулесінен қорғайтын өрнектері бар сәндік панельдермен перфорацияланған. Офистік үй-жайлар екінші және үшінші қабаттарда орналасқан. Атап айтсақ, холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал, 60 орындық кофейня, кеңсе бөлмелері бар. Конференц-зал видеопроектормен және интерактивті тақтамен жабдықталған.

Құрылыс барысы бақылауда
Құрылыс барысы бақылауда


Цокольді қабатта музыка және вокал бөлмесі, гардероб, киім-кешек қоры, би студиясы, клуб, кеңсе, архив, күзет, қоймалар және қосалқы бөлмелер қарастырылған.
Бүгінгі күнге бірінші, екінші және үшінші қабаттардың колонна-ригельдері және жабын плиталары толығымен құйылды. Инженерлік желілері (электр, ауыз су, жылу, кәріз жүйесі), ішкі сылақ жұмыстары толық аяқталып, әрлеу, дизайнерлік безендіру қолға алынған. Бұған қоса сыртқы абаттандыру, витраж орнату және қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: