Жексенбі, 26 қазан, 16:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Құс етінің ешкім күтпеген қаупі анықталды

26.10.2025

64 0

Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары зәр шығару жолдарына инфекция түскен әрбір бес науқастың біреуі жануарлар өнімдері арқылы берілетін ішек таяқшасынан (E. coli) зардап шеккен деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижесі mBio журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар 5,7 мыңнан астам E. coli бактериясының үлгісін талдады. Олардың бір бөлігі инфекция жұқтырған науқастардан, ал қалған бөлігі ет пен құс сататын дүкендерден алынды.

«Генетикалық талдау зәр шығару жолдары инфекциясының 18 пайызға жуығы жануарларда болатын бактериялармен байланысты екенін көрсетті. Қауіпті штамдар көбінесе тауық еті мен күркетауықта кездеседі», – деп жазылған зерттеуде.

Кедей аудандардың тұрғындары арасында инфекция жұқтыру қаупі едәуір жоғары болды – олардың E. coli жұқтыру ықтималдығы бай аудандардағы адамдарға қарағанда 60 пайызға жоғары. Зерттеушілер мұны санитарлық жағдайдың нашарлығымен және сапалы тағамға қол жеткізудің қиындығымен байланыстырып түсіндірді.

Зерттеу авторлары тұтынушыларды етті мұқият пісіруге, оның пісірілген тағаммен жанасуына жол бермеуге және пісіргеннен кейін әрқашан қолды жууға шақырды.

Зәр шығару жолдарының инфекцияларына уретрит (несеп жолының қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы) және пиелонефрит (бүйректің қабынуы) жатады.

Зәр шығару жолдарының қабынуын әртүрлі қоздырғыш – саңырауқұлақ, паразит және вирус тудыруы мүмкін. Дегенмен көп жағдайда инфекцияның пайда болуына бактериялар себеп болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: