Дүйсенбі, 17 қараша, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

«Құтқарушы – құрметті мамандық» тақырыбында өңіраралық чемпионат өткізілді

17.11.2025

46 0

Жуырда Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжде техника және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Құтқарушы – құрметті мамандық» тақырыбында өңіраралық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

«Құтқарушы - құрметті мамандық» тақырыбында өңіраралық чемпионат өткізілді
«Құтқарушы - құрметті мамандық» тақырыбында өңіраралық чемпионат өткізілді

Оған барлығы 7 команда қатысты. Атап айтқанда: Қызылорда облысынан  4 команда, Түркістан облысынан, Тараз облысынан, Шымкент қаласынан 1 командадан қатысып, бақ сынады. Чемпионатта бақ сынаған қатысушылардың жалпы саны – 28. Студентердің барлығы да жігерлі, белсенді, мақсат қойғыш жастар. Жарыс 5 кезеңнен (модульден-этаптан) тұрды. Этаптар: жауынгерлік киімді кию, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете отырып, тасымалдау, тік жартасқа өрмелеу (скаладром), жауынгерлік қанат жаю, оқу мұнарасының 2 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу.

Дода тартысты өтті. Барлық командалар жоғары дайындықтарын көрсетті. Аталмыш додада ұпайлар санының жалпы есебінің нәтижесіне орай «Абылай хан атындағы жоғары колледжінің командасы І-орынды, «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы жоғары колледжінің «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығының студенттері жүлделі II-рынды, «Тараз» мамандандырылған колледжінің командасы ІІІ-орынды иеленді. 

Сонымен бірге аталмыш жарысқа қатысқан «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі, «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы жоғары колледжі, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі, «Шиелі» индустриалды-аграрлық жоғары колледжі, «Тараз» мамандандырылған колледжі, «Түркістан» жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі, «Шымкент» мамандандырылған колледжінің командаларына белсенділік танытқаны үшін ұйымдастырушылардың атынан алғыс білдірілді.

«Бұл жетістік — колледждердің студенттерінің жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін, ұстаздарының еңбегін айқындайтын зор жетістік»,-деді «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы жоғары колледжінің команда жетекшісі Қошқаров Сәрсенбай Икматұлы.

Қызылорда облысы ТЖД ӨСжАҚЖБ Өрт сөндіру кезекші қызметінің Жедел кезекшісі азаматтық қорғау майоры, аталмыш чемпионаттың тәуелсіз сарапшысы Нұрғалиев Самат Болатұлы: «бұндай жарыстардың ұйымдастырылуы – жас буынды тәрбиелеуде, құтқару жұмысына баулуда, кәсіби біліктілікке шыңдауда маңызы зор екенін» айтты.

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, азаматтық қорғау органдарының сала ардагері Каюпов Жандос Қайнарбекұлы: ««Құтқарушы – құрметті мамандық» тақырыбындағыөңіраралық чемпионаты колледжде бірінші рет ұйымдастырылуда. Бұндай жарыстарды алдағы жылы да ұйымдастыруды жалғастыратын боламыз. Студенттердің біліктілігі мен кәсібилігін көтерелін жарыстың пайдасы зор болатыны сөзсіз.»,-деді.

Чемпионаттың қатысушыларын марапаттау іс-шарасына Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы қатысып, ұйымдастырушыларға және белсенді жастарға алғыс білдіріп, жеңімпаз командаларды құттықтады. Жарыстың қатысушылары мен белсенді ұйымдастырушылары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, кубоктар табысталды.

Аталмыш чемпионатты «77 ТВ» телеарнасының журналистері де тамашалап, жарыстың өтуі жөнінде арнайы репортаж жасап, көпшілікке көрсетті.

Қызылорда облысы ТЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: