Қызылорда қаласы, “ПМК-29” саяжайы маңындағы Қалғандарияға мұз қатып 2 жылқы жағадан 300 метр қашықтықта мұздан шыға алмай қалғаны жөнінде шақырту түскен.
Құтқарушылар құтқару арқанының көмегімен 2 жылқыны мұздан шығарды. Зардап шеккендер жоқ, жануарлар тірі.
Құтқару операциясын Құтқару бөлімшесінің басшысы Паримов Қанат басқарды. Оның айтуынша, Қалғандарияның бетіне мұз қатқан. Десе де малды аман алып шығу үшін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, құтқарушылар жағаға алып шыққан. Жылқылардың иесі өз алғысын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!