Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құтқарушылар алапат өрттен 20 газ баллонын алып шыққан

02.08.2023

659 0

Алматы облысындағы Қонаев қаласында көпқабатты үйде алапат өрт болды. Құтқарушылар жанып жатқан үйден 20 газ баллонын алып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт 2-шағынаудандағы 4 қабатты үйде тұтанған. 

“Қонаев қаласындағы ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 2,5 шақырымды құрайды. Ең жақын өрт сөндіру гидранты Алматы және Қойшыманов көшелерінің қиылысында 300 метр қашықтықта орналасқан. Бірінші бөлім  келген кезде көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранды. Шатырдың люктері жабық болуы өртті сөндіруге кедергі келтіргендіктен, оны бұзуға тура келді (құлыптармен құлыптаған), сондай-ақ ағаш тақтайшаның үстіндегі металл шатыры қиындатты. Өрт шыққан пәтерден газ баллондар көшеге шығарылып, олардың жарылуына жол берілмеді. Жеке құрамның күшімен пәтерлерден көшеге 20 газ баллон шығарылды”, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. 

Барлығы 210 адам эвакуацияланған. Түнгі 02:20-да басталған өрт таңғы 06:00-де сөндірілді. 

“Өрттің шыққаны кешіктіріліп хабарлануы өрттің таралуына себеп болды. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және зерттеу сынақ өрт зертханасының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖД 50 қызметкер мен 12 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 бірлік техника, № 65476 ЖБ 4 қызметкер және 2 бірлік техника, жергілікті полиция қызметінен 30 қызметкер және  8 бірлік техника, екі бригада және 4 қызметкерден құралған   жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды”, – деп қосты ТЖД.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: