Қызылорда қаласының әкімдігі құтқарушылар күніне және азаматтық қорғау саласының 30 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өткізді.
Шара барысында төтенше жағдайлар саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше атап өтілді.


Қала әкімінің орынбасары А. Нұрмағанбетов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың халық алдындағы жауапты қызметін жоғары бағалады:
«Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең басты міндет болып табылады. Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!» – деді ол өз сөзінде.
Салтанатты жиында қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар құтқарушылар марапатталды.Іс-шара барысында қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Р. Ерсұлтанұлы да әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметтестерінің ерен еңбегіне ризашылығын білдірді.Марапат иелеріне ізгі тілектер айтылып, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс пен сәттілік тілінді.



Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!