Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түскен кезде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген, – деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан.
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды таудан түсірді. Кейін құтқарушылар менполиция қызметкерлері жасөспірімдерді ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік Қарағанды облысының құтқарушылары қар құрсауынан 15 адамды құтқарған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!