Бүгін мекеме қызметкерлері сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Тазалық шарасы барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.
– Мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлермен қатар жазасын өтеп жатқан жақындарына келетін адам саны жетерлік. Сондықтан, мекеме аумағы таза болып тұрғаны әрине дұрыс.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен әріптестеріміз бүгін осы мақсатта нәтижелі жұмыс жасады,- деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.
Тазалық жұмыстары алдағы уақытта мекеме аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!