Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қымбат қызмет

23.04.2022

1365 0

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2021 жылы қазақстандықтардың денсаулыққа жұмсайтын шығыны 58 процентке өскен. Дәрігерлік кеңес, жирургиялық оталар, босану, тіс емдетуге халықтың қалтасынан барлығы 348 млрд теңгедей ақша жұмсаған. Бұл қаржының жартысын ақылы медициналық мекемелерге жұмсаған. 2020 жылмен салыстырғанда пациенттердің мұндай шығыны бір жыл ішінде 56-63 процентке өскен.

Халықтың денсаулық саласында ең көп шығындалатыны тіс емдету екен. Сонымен қатар әйелдер денсаулығы мекемелеріне, жүйке жүйесін емдетуге көп ақша жұм­салғаны байқалады.

Ұлттық статистика бюросы тоқсан сайын тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, отбасылардың дәрі-дәрмекке, емделуге қанша қаржы жұмсайтынына талдау жасайды. 2021 жылдың IV тоқсанындағы сауалнама қоры­тындысы бойынша қазақстандықтар табысының 43 про­центін аурухана, стома­тология, оңалту орталығы қызметтеріне жұм­саған. Отбасы бюджетінің жартысынын көбі дәрі-дәрмекке кеткен (51,7 процент), емдеу аппараттарын пайдалануға (2,7 процент), медициналық өнімдер сатып алуға (2 процент) жұмсаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: