Дүйсенбі, 17 қараша, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

«Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Арал ауданында өтеді

17.11.2025

49 0

Қызылорда облысында алдағы қыс маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындық жұмыстары басталды. 2025 жылғы 20–21 қарашада Арал ауданында «Қыс-2025» өңірлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Іс-шара азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы баяндады.

Оқу-жаттығу облыс әкімінің «Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында ұйымдастырылады. Негізгі мақсат – қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыздығы салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, жедел әрекет ету және құтқару бөлімшелерінің тәжірибесін шыңдау.

«Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Арал ауданында өтеді

Жоспарға сәйкес, облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы облыстық штаб құрылады. «Дабыл-1001» сигналы түскен сәттен бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің барлық күштері мен тиісті комиссия мүшелері құлақтандырылады.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі «Қарғын-2002» сигналы бойынша жүзеге асырылады. Бұл кезеңде бірнеше күрделі жағдайлар пысықталмақ:

  • автожолда орын алған жол-көлік оқиғасының салдарын жою;
  • іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
  • су жүйесі ғимаратында орын алған авариямен күресу.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оқу-жаттығуға 100-ге жуық авариялық-құтқару құрылымдары, шамамен 1000 қызметкер және 300-ден аса арнайы техника тартылады. Мұндай көлемді дайындық өңірдің қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін күшейтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: