Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қыз-келіншектердің құқығын қорғау мәселесі талқыланды

24.01.2023

562 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбденмен кездесті.

Кездесу барысында аймақта гендерлік, отбасылық саясат және қыз-келіншектердің заңды құқығын қорғап, жан-жақты қолдау көрсету барысы сөз болды. Қарақат Әбден осы саладағы өзекті мәселелерді атап өтіп, Сыр еліне келу мақсаты – облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысымен танысу екенін мәлімдеді. Өз кезегінде аймақ басшысы облыста әйел аналарды қолдауға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің қолдауымен «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі орталық өңірдің қыз-келіншектеріне, жас отбасыларға, балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға мол мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Қарақат Әбден өңірге жұмыс сапары барысында қиын жағдайға түскен әйелдер тұратын дағдарыс орталығына барып, орталық тұрғындарымен әңгімелеседi және кәсіпкер әйелдер мен студент жастармен кездеседі. Сонымен қатар,М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанынан құрылған «Көшбасшы қыздар» клубының жұмысымен және №140 мектеп жанынан құрылған «Отбасы мектебі» облыстық пилоттық жобасымен танысу жоспарланған.

Аружан МЫҢБАЙ,

Қорқыт ата атындағы КУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: