Дүйсенбі, 23 маусым, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Қызмет алушының құқығын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар

23.06.2025

67 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті өңіріміздегі тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуына әрдайым жағдай жасай отырып, ақпараттық жүйелер арқылы қызметтердің сапасына қашықтықтан бақылау жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту секілді фактілер анықталған жағдайда, Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданып отырады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 19 маусымында Сырдария ауданының тұрғыны Е.К. тракторлар мен өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметті алу үшін Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне өтініш білдірген болатын.

Алайда, қашықтықтан бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік органмен қызмет нәтижесі заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылмай тұрғаны анықталды.

Осы орайда, қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданып, нәтижесінде қызмет алушының ауыл шаруашылығы техникасы тиісті мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс 1. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.

Марат Айтхожа,

Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: