Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызметкерлердің құқығы сақталады

24.02.2022

1017 0

Кәсіподақ ұйымын құрамыз деген бастамасы үшін өткен жылдың қыркүйек айында жұмыстан босатылған «ҚазПетролГрупп» мұнай компаниясының 12 қызметкерінің құқықтары қорғалып, бүгінде жұмыстарына оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылорда облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов хабарлады.

– Былтырғы жылдың қыркүйек айында «ҚазПетролГрупп» ЖШС компаниясы 15 адамнан тұратын кәсіподақ ұйымын құрып, оның қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жасаған. Алайда кәсіподақ ұйымын құрған 12 бастамашыл топ мүшелерін «Тараптардың келісімі бойынша» деген негізбен жұмыстан босатқан. Тексеру барысында еңбек шартының бұзылғандығы анықталды. Жұмыстан босатылған 12 жұмыскердің талап-арыздары толық қанағаттандырылып, жұмыс берушінің іс-әрекеті заңсыз деп танылды. Жұмыскерлерді жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген барлық уақыттары үшін жалақыларын төлеу туралы шешім қабылданды, – деді Марат Бәйімбетов.

Жалпы, кәсіподақтардың негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында диалог орнату және еңбек құқығының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

-Жұмыстан негізсіз босатылған 12 жұмыскер облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына ұжымдық арыз жолдады. Арызда жұмыс беруші тарапынан заңсыз босатылғандары туралы жазылған. Осы мәселеге байланысты еңбек инспекциясы тексеру-тағайындау туралы қаулы дайындады. Аталған мекемеде жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 12 жұмыскердің заңсыз еңбек шарты бұзылғандығы анықталып, «ҚР Еңбек заңнамасы талаптарындағы бұзушылықтарды жою туралы» нұсқама берілді.

Сондай-ақ, 17 ақпан күні қалалық сот судьясының шешімімен 2022 жылғы 18 ақпанда жұмыскерлердің жұмысқа қайта орналасуы туралы бұйрық шығарылды, – деді облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Жапақов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: