Бейсенбі, 10 шiлде, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Қызметкерлердің жай-күйі сараланды

10.07.2025

72 0

Қызметкерлердің жұмыс жайына ғана емес, тұрмыс-тіршілігіне мән беру де маңызды. Бұл Қылмыстық атқару-жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Динара Шахидің ұйымдастыруымен өтті.
Жаңадан қызметке тағайындалған тұлғалардың үйін аралап, отбасылық ахуалы мен психологиялық жайын зерттеу мақсатында арнайы жұмыс жүргізілді. Әрбір қызметкердің отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы, әйелі мен балаларының жағдайы, үйдегі жалпы тыныштық, тұрмыс жағдайының деңгейі де назарға алынды.
Зерттеу барысында бала тәрбиесі мен отбасылық қолдау жүйесінің ерекшеліктері ескерілді. Жүргізілген бақылау қызметкерлерге жеке көмек көрсету үшін қажетті ақпараттар жинауға мүмкіндік берді. Бұл – қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға және өмір сапасын жақсарту үшін маңызды қадам.


– Жаңадан тағайындалған қызметкерлердің үйін аралап, олардың тұрмыс жағдайларымен таныстық. Әр қызметкердің әлеуметтік жағдайын түсінуге, оның жұмысқа деген мотивациясын және көңіл-күйін бағалауға бағытталды. Мақсатымыз – қызметкерлердің қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап, әрқайсысына қолдау көрсету, – деді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Динара Шахи.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: