Сәрсенбі, 19 қараша, 13:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қызметте жарақат алып, қаза тапты: Депутат дәрігерлерді қорғау мәселесін көтерді

19.11.2025

35 0

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Палатаның жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдеріне жұмыскерлерді өндірістік жарақаттардан қорғау шаралары туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат атап өткендей, жақында 23 жастағы Ұлдана Мырзуан атты фельдшер қайғылы жағдайда қаза тапты.

Шақыртуға барды, тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады, зардап шеккен азаматтарға Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін көмектесуге тырысып жүгірді. Сол кезде басына кондиционер құлап, есін жимей, кеше ғана тұрмысқа шыққан жас қыз қаза болды. Осындай жағдайларда азаматтарды өндірістік жарақаттардан қорғаудың қандай тетіктері қарастырылған? – деп сұрады Аралбайұлы.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі еңбек заңнамасында қызметкерлерді қорғауға арналған тетіктер мен регламенттер қарастырылған. Сонымен қатар жаңа оқиғаларды болдырмау үшін ДСМ фельдшерлерді, денсаулық сақтау қызметкерлерін және жедел жәрдем қызметкерлерін қосымша өзін-өзі қорғау құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қолға алуды жоспарлап отыр.

Біздің фельдшер төтенше жағдай қызметкерлерінен бұрын барып, өзінің міндетін атқару кезінде осындай жарақат алды. Қазір біз осы қызметкерлерді қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдауды ойластырып жатырмыз, – деді Сұлтанғазиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: