Жексенбі, 15 наурыз, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Қызылорда: 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6-да басталды

15.03.2026

71 0

Фото: «Құмкөл» кенішіні

Бүгін – республикалық референдум! Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды. Оның 5-і кен орны, 1-і әскери бөлім.
Бұл учаскелерде 6528 азамат дауыс беруге құқылы.
Маңызды науқанда «Құмкөл» кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа келіп, өз дауыстарын берді.

Қызылорда: 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6-да басталды


Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар бір мезетте өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін таныта білді.
Маңызды науқанда Қызылорда облысы бойынша 378 учаске ашылған. Мұнда 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.

Қызылорда: 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6-да басталды
Қызылорда: 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6-да басталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: