Қызылорда облысындағы жедел тамақтану орнының қасбетінде Алаш арыстарының портреті бейнеленді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Кәсіпкерлік нысаны Шиелі ауданының орталығында орналасқан. Көз сүйсінерлік көріністі журналист Ержан Қожас әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қасбеттен Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлын көруге болады. Бұл кәсіпті жергілікті жас кәсіпкерлер Дінмұхаммед Дәуренбеков пен Ержан Ақбергенов бастаған.
Екі дос 2016 жылдан бері бизнеске бет бұрған. Соның ішінде фаст-фуд саудасының да көркін қыздырған. Ал мұндай орындарға жастар жиі бас сұғатыны анық.
Суреттің авторы – қызылордалық жас суретші Дәулетбек Тойшыбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!