Дүйсенбі, 18 тамыз, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада сауда үйі өртенді

18.08.2025

57 0

Фото: ТЖД

Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпып, ғимараттың шатыры жартылай құлап түскен.

– Өртті сөндіру ғимараттың құрылыс ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты қиынға соқты, – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының шамамен 20 қызметкері және 6 техника жұмылдырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: