Қызылорда облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында заңнамаға қайшы әрекеттерді анықтады.
Тексеру нәтижесімен «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК монополияға қарсы органның келісімінсіз, сондай-ақ өз жарғысында көзделмеген қызмет түрінен қаржы алғаны белгілі болды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына қайшы болып табылады.
Осыған байланысты Департамент тарапынан заңбұзушылықты жою жөнінде ресми нұсқама берілді. Кәсіпорынға белгіленген мерзім ішінде заңсыз қызметті тоқтатып, өз жұмысын заңнама талаптарына сәйкестендіру міндеттелді.
Белгіленген уақыт аралығында «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК аталған нұсқаманы толық орындады. Нәтижесінде заңбұзушылық жойылып, кәсіпорын қызметі қолданыстағы құқықтық нормаларға сәйкестендірілді.
Қызылорда облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүйелі түрде мониторинг жүргізуді жалғастырады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – нарықта әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!