Сәрсенбі, 09 шiлде, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде

09.07.2025

84 0

Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде. Мекеме әкімшілігі түрлі этнос өкілін бір – біріне жақындастыру мақсатында түрлі патриоттық шара өтеді. Мекемеде жазасын өтеп жатқан Н есімді грек азаматы өз пікірін айтты.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешудеміз! Елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілінің татулығы – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір мекемеде жазасын өтеп жатқан түрлі ұлт өкілінің басын біріктіріп, достық қарым – қатынаста ұстау біздің міндетіміз. Ынтымағымыз арта берсін! , – деді, жазасын өтеуші азамат.

Кәріс ұлтының азаматы да өз ойымен бөлісті.Бір жасақта 6 ұлт өкілі жаза мерзімімізді өтеудеміз. Басымызды біріктірген бір мекеме болғандықтан, ұлтқа бөлінбей, бір-бірімізге қолдау білдіріп, бостандыққа шыққаннан соң да байланысымызды үзбей, тура жолға бірге қадам басуға шешім қабылдадық, – деді жазасын өтеуші азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: