Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсуі бойынша алдыңғы қатарда

18.12.2024

51 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша алдыңғы қатардағы аймақтарды атады.

«Өңірлердің дамуына келсек, 7 негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша 6 өңірде – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында, Астана, Шымкент қалаларында өсу байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде де оң өсу қарқыны сақталуда. Өндіріс көлемі 5,3 пайызға дейін жеделдеді. Өсу 14 өңірге тіркелді. Ең жоғары өсу қарқыны Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан Қарағанды облыстарында», – деді Н.Байбазаров.

Аймақта өткен 11 айда экономикалық өсім деңгейі 7,4 пайызды құрап, облыс бюджетінің шығындар жоспары 97,2 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері 94 пайыз игерілді.

Мұнан бөлек, мәжілісте алдағы жылы «Қызылорда – Жезқазған» жолына реконструкция жасалатыны, «Қызылорда – Ақтөбе» жолы бойынша жаңа жоба басталып, төрт жолақты қозғалысқа көшірілетіні айтылды.Еске салсақ, Мемлекет басшысы Сыр еліне сапары кезінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы шын мәнінде өте тар екенін атап өтіп, оны кеңейту жұмыстарын тезірек бастауды тапсырған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: