Жұма, 29 қараша, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті

25.04.2021

1621 0

Соңғы күндердегі көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 25 сәуір күні “сары” аймаққа ауысты.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысына сәйкес “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа ауысқан жағдайда карантин шараларын жеңілдету 7 күннен кейін жүргізіледі.

“Сары” аймаққа ауысу қауіптің сейілгенін білдірмейді, босаңсуға негіз жоқ. Себебі коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы ахуал әлі де тұрақсыз деп бағаланады. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамауды сұраймыз.

Қауіпсіздік ережелері өзгерген жоқ:
бетперделік режим
әлеуметтік арақашықтық
қолды сабынмен жиі жуу
антисептик пайдалану
ауру белгілері байқалған сәттен медициналық көмекке жүгіну
вакцина қабылдау
көпшілік жиналатын жерге баруды шектеу

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: