Жұма, 27 желтоқсан, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысына түсетін су көлемі артып келеді

30.07.2021

735 0

Қызылорда облысына түсетін су көлемі артып келеді. Бүгінде Көктөбе су бекеті арқылы аймағымызға секундына 545 текше метр су жіберіліп, өткен жылмен салыстырғанда 95 текше метрге артық екендігін көрсетуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы РММ басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

Сонымен қатар, Сейілбек Серғазыұлы өңірімізде егістікке су жіберу арнайы кесте арқылы жүргізіліп жатқандығын айтып, су ресурстарын пайдалану мен реттеу жұмыстарының атқарылу барысына да тоқталды. Айтуынша Шардара су қоймасындағы су көлемі 1661 млн. текше метрді құрайды. Қоймаға түсіп жатқан су көлемі секундына 73,4 текше метр, ал төменге 530 текше метр су жіберілуде. Бұған қоса, Көксарай су реттегішіндегі су көлемі 25,37 млн. текше метрді көрсетіп отыр.

Бүгінде облыс аймағында 18 каналға тазалау жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта қосымша екі су арнасы аршылатын болады. Бұл жұмыстар шаһар маңындағы сол тармақ каналы мен Қазалы ауданындағы 1-5 Д коллекторында жүргізіледі. Қажетті қаражат шілде айында облыстық бюджеттен бөлінген.Брифингте Арал ауданындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйелеріндегі қалыптасқан күрделі су шаруашылығы мәселесі де қозғалды. Бұл мәселеге қатысты облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов баяндама жасап, «Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін Аманөткел ауылының тұсында су торабын республикалық бюджет есебінен салу мәселесі келісілген болатын. Осыған байланысты, облыстық бюджеттен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 13,8 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде», -деді.

Сондай-ақ, сала мамандары Әйтек су торабының жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталатындығын да айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: