Сенбі, 21 желтоқсан, 21:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында 16 тойхана қызметін өзге салаға бағыттаған

15.01.2021

5812 0

Былтыр басталған пандемия Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің 74 пайызының қызметі ішінара тоқтатты. Атап айтсақ, азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы, туризм саласы, қоғамдық тамақтану және мейрамхана, тұру және жолаушыларды тасымалдау қызметтерінде кәсібін жүргізетін шамамен 10 мыңға жуық субъекті зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні тойхана бизнесінен бөлек, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтері толығымен іске қосылды. Бизнесті жандандыру бағытында 2020 жылы 54 мыңға жуық кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер қарастырылып, 8,5 мың шағын және орта бизнес субъектісінің 12 мыңнан астам жалдамалы қызметкері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеуден босатылды. Мемлекеттік меншіктегі 356 нысанды жалға алып отырған 194 шағын және орта бизнес субъектісі 60 млн. теңге жалдау ақысын төлемейтін болды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің 8 мыңға жуық банк алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. Одан бөлек, шағын және орта бизнес 2023 жылға дейін табыс салығынан босытылды. Қызылорда облысы әкімінің бекітілген Жоспар аясында облыстағы 128 тойхананың қызметін өзге салаларға қайта бағыттау жұмысы қолға алынып, нәтижесінде 16 тойхана сауда дүкендері мен өндіріс орнына айналған», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шамамен 2,8 млрд. теңге қайтарымсыз гранттар 4770 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа табысталды. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 78 шағын және жас кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға 181,5 млн. теңге қаржы бағытталды.

«Бизнеске жасалынған қолайлы жағдайлар облыста шағын және орта бизнес саласының дамуына, оның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өсімінің қайта қалпына келуіне өзіндік ықпалын тигізуде. 2020 жылдың 1 желтоқсанында жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2474 бірлікке немесе 5,4 пайызға ұлғайып, 47897 жетті. 2020 жылдың І жартыжылдығында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 92 470 адамды құрап, 144 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 13,9 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті 2021 жылы 18 пайызға жеткізу болжамдалуда», делінген баспасөз баянында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: