Қызылорда облысында 8 адам сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында қызылордалық полицейлермен тиісті жұмыстар атқарылған.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында бірнеше акция өткізілген.
Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын- жайдан тыс жерде жүрген 4700 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе–барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін ырықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түн мезгілдерінде орын алатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жүр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!