Сейсенбі, 16 қыркүйек, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

16.09.2025

46 0

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды, — деп хабарлады Polisia.kz. 

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол интернет арқылы Toyota Camry 20 автокөлігіне қызығушылық танытып, көлікті сатамын деген бейтаныс азаматпен байланысып, көлікке алдын ала төлем ретінде 500 000 теңге аударған. 

Артынша хабарландырудың жалған екендігін түсінген. Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алаяқтықпен айналысқан екі облыс тұрғыны анықталды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. 

Тергеу нәтижесінде екі күдікті Астана қаласынан ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктілер кінәларын толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды толық өтеді. Күдіктілер сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: