Өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев басқа да ауқымды индустриялық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті. «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы биыл басталмақ. ««Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік кешен жұмыс істеп тұр. Былтыр өндірістік кешенде 454 тонна, ал биылғы 4 айда 81 тонна өнім өндіріліп, Ұлыбритания, Ресей елдеріне экспортталды», – деді спикер ОКҚ алаңында.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 907 млрд теңгеден асатын 36 жоба енгізілді. Биыл құны 13,4 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылады. Бұл өңірге инвестиция тарту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.Былтыр Қызылорда облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!