Жұма, 26 қыркүйек, 21:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті

26.09.2025

52 0

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен сарапшылар Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарына жиналды.


Олардың басты мақсаты – ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлін талқылау, қоғамдағы рөлін күшейту және ұсыныстар әзірлеу.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Делегация мүшелері ең алдымен Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарының тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік нысандары және жергілікті халықтың тұрмысымен жақын танысты. Ауылдардың абаттандырылған алаңдары, мектеп және мәдениет үйінің жұмысы, шаруашылық бағытындағы жетістіктері қонақтардың назарынан тыс қалмады.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Нағи Ілиясов ауылындағы секциялық отырысты Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдар Альянсының төрайымы Анар Ізден жүргізді.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті
Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Алғашқы баяндаманы Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева жасап, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ҮЕҰ-дың ықпалын атап өтті. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа заң жобасы туралы пікірін білдірсе, «Орталық Азиядағы Еуразия қорының» директоры Ринат Темірбеков азаматтық қоғам институттарының ауыл экономикасын әртараптандыруға қатысу мүмкіндіктерін атап өтті.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Сонымен қатар, Бесарық ауылындағы секциялық отырысты «Шапағат» мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығының» қоғамдық қорының директоры Шынаркүл Жеңсікбаева жүргізіп, алғы сөз алған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамдық дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндама жасады.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Секциялық отырыстарда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылуы, «ҮЕҰ туралы» заң жобасын талқылау процесі, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі, ауылдық бастамаларды қолдау тетіктері және мәдени мұраны сақтау арқылы ауылды дамыту сияқты тақырыптар қозғалды.

Қызылорда облысында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты XII азаматтық форумының секциялық отырыстары өтті


Сондай-ақ, шара соңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, азаматтық қоғамның ауыл өміріндегі орнын күшейтуге қатысты ойларымен бөлісті.
Бұл басқосу ауылдық жерде өтуімен ерекшеленді. Қонақтар үздік елді мекендерді аралап көріп, халықпен жүздесіп, азаматтық қоғам институттарының ауылды дамытудағы маңызды рөліне көз жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: