Бейсенбі, 13 қараша, 21:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында бет-жүзді тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

13.11.2025

46 0

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салу жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұрғындарға түсіндіруді жалғастыруда.

Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Түсіндіру барысында тәртіп сақшылары шектеу тек бет-әлпетті толық тұмшалайтын киімдерге – балаклава, маска және никабқа қатысты екенін атап өтті. Ал хиджаб, шейла, химар және әл-амира сынды бетті жаппайтын діни киімдерге бұл норма қолданылмайды.

Қызылорда облысында бет-жүзді тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде


Сондай-ақ, ауа райының ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, қызметтік міндеттерді атқаруға, заң талаптарына, азаматтық қорғау шараларына немесе спорттық-мәдени іс-шараларға байланысты бет-жүзді жабатын киімдерге шектеу қойылмайды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде діни сенім еркіндігін сақтай отырып, заң аясында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қызылорда облысында бет-жүзді тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: