Дүйсенбі, 18 тамыз, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

18.08.2025

53 0

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ІІМ және Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде.

Рейд барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын анықтады. Салмағы 58 келіге жуық 1156 түп есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлермен оқиға орнында жалпы салмағы 1 келі 610 гр. кептірілген марихуана анықталды.

Оқиға орнында 42 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 172 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды. 959 келі есірткі тәркіленді. 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 36 адам ұсталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: