Жұма, 21 ақпан, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жобаларына өтінімдер қабылдануда

18.02.2025

215 0

Аймақ басшысының тапсырмасымен облыста өңдеу өнеркәсібін дамытуға 1 млрд теңге бағытталды.

Жоба «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Басымдық берілетін салалар:

  • Жеңіл өнеркәсіп (киім-кешек, мата, аяқ киім, тері өңдеу және тері бұйымдарын жасау т.б.);
  • Тұрмыстық химия өнімдері (кір жуу ұнтақтары, кір сабын, антисептиктер, антибактериалды сұйықтықтар т.б.);
  • Темір және құрылыс материалдары өндірісі (қыштар, блоктар, бетон және темір-бетон бұйымдары, құбырлар, дәнекерлеу бұйымдары т.б.);
  • Ағаш өнімдері және жиһаз өндірісі (ағаш өңдеу материалдары, жиһаздар, баспалдақтар, есіктер т.б.);
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ет, сүт, ұн, балық, көкөніс-бақша, құс өнімдері т.б.);
  • Басқа да өндіріс түрлері (пластмасс, қағаз, әйнек, резеңке өнімдері, мектеп жиһаздары, брусчаткалар т.б.).

Бір жобаға 78,6 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6 пайыз. Несие 60 ай немесе 5 жылға беріледі. Оның 12 ай немесе 1 жылын жеңілдік мерзімі ретінде таңдауға болады.

Несие:

  • негізгі құралдарды сатып алу;
  • өндірістік нысандардың құрылысы және оларды қайта жаңғырту;
    -арнайы техникаларды алу (өңдеу саласындағы кәсіпке қатысты болған жағдайда);
  • айналым құралдарын толықтыруға беріледі.

Айналым құралдарын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде қаржыландыру сомасының 30 пайызынан аспауы тиіс.

Несие алушыға қойылатын талаптар:

  • бизнес жоспары;
  • жер телімі;
  • құрал-жабдық сатып алу жөнінде ниет-шарты болуы тиіс;
  • сатып алынатын құрал-жабдық дайын өнім шығаруы;
  • несие қаражатын пайдалану қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылуы;
  • несие міндетті түрде кепіл-мүлікпен қамтамасыз етілуі қажет.

Негізгі талаптар осындай. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғылықты жеріңіздегі қала/аудандық кәсіпкерлік бөліміне немесе «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына хабарласа аласыздар. Өңірлік орталықтың байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-03-60, 40-02-37.

Айта кету керек, былтыр облыс әкімі өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталыққа ауыл шаруашылығы өнімдерінің желісін дамытуды жүктеді. Атап айтқанда, өсіру, өңдеу, сақтау, өткізу жүйесін қалыптастыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 45 жоба қаржыландырылып, 159 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының
баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: